МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қайдан білуге болады?

МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сіздің сақтандырылғаныңыз туралы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде берешектің болуы-болмауы туралы ақпаратты:

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында;

– «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында;

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында;

–Арнайы ашылған телеграм-ботта (https://t.me/SaqtandyryBot);

– E-gov электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен ала аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы