МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері медициналық көмекті қаржыландыру 80%-ға артқан

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылуда. Медициналық көмектің қаржыландыру көлемі мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологиялардың игерілуін елімізде МӘМС-тің енгізілумен байланыстырды. Шын мәнінде МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Қаржыландыру медициналық көмектің бүкіл бағыттары бойынша артты. Оның ішінде, профилактикалық қарап, тексерулер екі есеге, консультациялық-диагностикалық және медициналық оңалту 10 есеге артты, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, сондай-ақ жүйе енгізілгеннен бері стационарлық көмек 54%-ға, жоғары технологиялық медициналық қызметтер 3 есе артқан. 

МӘМС жүйесін енгізгелі амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ, ПЭТ медициналық көрсетілімдері еліміздің барша азаматтары үшін қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік тұрғыда осал 8 санатқа ғана тиесілі болған, - деді департамент басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы