МӘМС, жаңа заң: Кім қанша төлейді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде базалық жарналар мен аударымдардың есептелуі үшін кіріс мөлшеріне қойылатын шек (ЕТЖ) жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілерге жаңа реформалар

Енді жарналар:

Қызметкерлер үшін — кірістің 1,7 млн теңгеге дейінгі бөлігінен есептеледі (ең жоғарғы жарна – айына 34 000 теңге)

Жұмыс берушілер үшін — кірістің 3,4 млн теңгеге дейінгі мөлшеріне дейін (айына ең жоғары төлем – 102 000 теңге)

Бұл шешім неге маңызды?

Жүктемені жеңілдету: бизнес пен азаматтарға қаржылық ауыртпалықты бәсеңдету.

Тұрақтылық: сақтандыру моделінің қаржылық негізін бекемдеу, алдағы кезеңде қосымша 200 млрд теңге кіріс қамтамасыз етіледі.

Әділеттілік: қазіргі кезде жоғары табысты азаматтар кірісіне пропорционалды емес, аз төлейді — жаңа ұсыныс бұл мәселеден арылтуды көздейді.

Кімдерге әсер етеді?

3,4 млн теңгеден асатын табысы бар қызметкерлер: шамамен 20 000 адам, барлық жалдамалы күштің 0,36 % ғана.

1,7–3,4 млн көлеміндегі кіріс алатындар: шамамен 9 % қызметкер.

Ал қалған 91 % қызметкерлердің жарнасы өзгеріссіз қала береді.

Салыстырмалы тұрғыда қарасақ:

Қазіргі орташа жалақы (300 000 теңге) бойынша қызметкер МӘМС жарнасын айына шамамен 6 000 теңге, яғни табысының 2% төлейді.

Ал 3 млн теңге кірістен, қазіргі таңдағы шектеулерге орай, жарна бір деңгейде қалып, табыстың небәрі 0,6%-на дейін төмендейді.

Негізгі өзгеріс: тариф пайыздары өзгеріссіз, өзгеретін тек жарналарды есептеу үшін кірістің максималды шегі. Бұл әділдік қағидасына сай келеді — жоғары кіріс алған азаматтар да пропорционалды үлес қосады.

Жарналарды кезең-кезеңімен көтеру

Қазіргі кезде жеңілдетілген санаттарға арналған мемлекеттік жарна мөлшері – 2 %. Ал шет елдерде бұл көрсеткіш:

Словакия — 14 %

Литва — 9 %

Чехия — 14,5 %

2027 жылдан бастап — кезең-кезеңімен мемлекетттік жарнаны 2 %-дан 4,7 %-ға дейін көтеру жоспарда. Бұл:

Азаматтар мен жұмыс берушілерге жүктеме арттырмай,

Ұзақ мерзімді перспективада медициналық қамту қаржылық негізін нығайтуға бағытталған.

Неге бұл маңызды?

Түсінікті ережелер: жүйе барша қатысушылар үшін әділ, ашық және біркелкі жұмыс істейді.

Пациентке – пайда: жан-жақты медициналық қызметке уақтылы қолжеткізуге жағдай жасалады.

Қаржылық тұрақтылық: саладағы дағдарыстарға шыдамды, болашаққа берік төлем жүйесі қамтамасыз етіледі.

2026–2027 жылдардағы жаңашыл реформалар — сақтандыруды әділ және тұрақты етуді, медициналық көмекке бар азаматтың тең түрде қол жеткізілуін көздейді. Бұл – әлеуметтік жауапкершілікті күшейтіп, халықтың денсаулығына деген мемлекеттік кепілдікті нақтылайтын стратегиялық қадам.

Еске салайық, бұған дейін МӘМС жүйесінде не өзгеретінін жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы