МӘМС: Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы өтініштерді өңдеудегі ең тиімді тәсіл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі сәтте сұранысқа ие.

Себебі, азаматтардың көпшілігіне өтінішті электрондық тәсілмен қалдырған ыңғайлы. 
Қазіргі уақытта қала тұрғындары тарапынан Медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс орталығына қоңыраулар көп түседі. Сол себепті кейде желі бос болмайды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 қосымшасы – азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл, - делінген хабарламада.

Азаматтардан келіп түскен барлық өтініш өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі. Қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы