МӘМС қаражатын дәрі-дәрмек сатып алуға пайдалану жоспарда жоқ – ДСМ
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың қазақстандықтардың МӘМС қаражатын дәрі-дәрмек сатып алуға өз бетінше пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта МӘМС жүйесі аясында жеке жинақ шоттарын енгізу көзделмеген және бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ, – деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерге қосымша төлем енгізу тетігі пысықталып жатыр. Бұл пациентке түпнұсқа препарат пен басқа өндірушінің баламалы дәрісін таңдау мүмкіндігін береді.
Аталған механизм 100-ден астам нозология бойынша шамамен 400 атаулы дәрі-дәрмекті қамтып, оларды шамамен 3 миллион адам пайдаланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді
Өзгелердің жаңалығы