МӘМС: елорда емханасында пациенттің шүйде аумағындағы ісікті алып тастады

Елордада, №9 қалалық емхананың амбулаториялық хирургия орталығында пациентке липомэктомия бойынша ота жасалды. Аталған ота  және отаға дейінгі барлық қажетті тексерулер МӘМС жүйесінде тегін жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, жыл басынан бері №9 қалалық емхананың амбулаториялық хирургия орталығында МӘМС бойынша 400-ден аса ота жасалған.

Пациент М.А. №9 қалалық емханаға шүйде аймағының липомасы диагнозымен жіберілген.

Өз  емханамда МӘМС арқылы барлық қажетті тексерістерді тегін өттім. Содан кейін шүйде аумағының липомасы диагнозымен №9 қалалық емхананың Амбулаториялық хирургия орталығына жіберді. Мұнда маған тез арада ешқандай қиындықсыз, сапалы түрде липомэктомия отасын жасады, мен үшін бұл қуанышты жағдай болды. МӘМС жүйесінің арқасында тез арада, кезексіз ота жасата алғаным үшін,  №9 қалалық емхана ұжымына және білікті хирург Арслан Үсенұлына рахмет! Отадан кейінгі байлап-таңу шараларын да өзі қадағалап, емнің соңында тігіс жібін өзі алды - деп алғысын білдірді пациент М.А.

Бүгінде МӘМС бойынша көптеген ота түрлерін (урологиялық: варикоцелэктомия, гидроцелэктомия, бүйректен стент алу, т.б.; хирургиялық: тері және тері асты шел майынан түзілістерді алу, жарықтарға, кистэктомия, т.б.; травматологиялық: сүйектерден МОС алу, гигромэктомия, бурсэктомия, үзілген жалғамалы пластикалау, т.б.; проктологиялық: геморроидэктомия, тік ішек түзілістерін алу, парапроктиттерді кесу, және т.б.) ауруханаға бармай-ақ, кезек күтпей-ақ амбулаториялық емхана деңгейінде жасатуға болады. Сонымен қатар ангиохирургиялық, офтальмологиялық оталарды да жасауға мүмкіншілік бар.

Осы салада жүрген дәрігер ретінде қазіргі таңдағы қоғамда жиі талқыға түсетін МӘМС жүйесінің артықшылықтары өте көп екенін атап айтқым келеді.  Амбулаториялық хирургия орталығында  МӘМС арқылы тегін ота жасатуға мүмкіндік туды. Бұл тұста, амбулаториялық хирургия орталығының стационардан ерекшелігіне тоқталғым келеді:біріншіден, кейбір оталар бұрын тек стационарда жасалынатын болса, қазіргі кезде күндізгі стационар яғни амбулаториялық хирургиялық орталықта көптеген ота түрлерін жасауға мүмкіншілік бар. Осы жылдың басынан, яғни қаңтар айынан бастап, біздің емхананың амбулаториялық хирургиялық орталығында МӘМС бойынша 400-ден аса ота жасалынды. Операция бөлмесі заманауи керекті медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған; екіншіден, МӘМС жүйесінің тағы бір халыққа тигізіп отырған пайдасы –пациент отаға  кезегін (квота) күтпей, тез арада амбулаториялық тексерістерден тегін өтіп, амбулаториялық хирургия орталығында сапалы да нәтижелі, толық медициналық көмек алуға мүмкіндік берілген, яғни ота жасауға жағдай қарастырылған. Амбулаториялық емханалық деңгейде ота жасату пациенттерге өте ыңғайлы. Күндіз емін алып, кешке үй-жайларына орала алады. МӘМС - медицина саласындағы бірден бір оң өзгерістердің болуына ықпалын тигізіп жатқан жүйе деп есептеймін, - деп пікір бөлісті елордадағы №9 емхананың мамандандырылған хирургия бөлімшесінің және амбулаториялық хирургия  орталығының меңгерушісі Арслан Үсенұлы Абдуллаев.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу туралы, сақтандыру мәртебесі туралы, жарна аударымдары, немесе басқа да сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы