МӘМС: Астаналықтарға 13 млрд теңгеден аса сомаға тегін дәрі-дәрмек алынды
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша 13 млрд 036 млн теңге сомасына 971 875 тегін рецепт бойынша 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136 бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 972 бала; пневмониямен 1583 бала; синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 444 баланы құрайды, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айтуынша, амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық қажетті дәрілер бар. Олардың қатарына антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар жатады.
Келесі жылдың негізгі жеткізілімдері түскенге дейінгі аралықта тұрғындарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қосымша өтінімдер ресімделуде. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, - деді елордалық филиалдың басшысы.