МӘМС. 52 мың адамға жалған медициналық көмек көрсетілген - Көлгінов

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сын астында қалған МӘМС жүйесі туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Үкімет жүйені тексере келе, нақты шешімдер шығарады. Мұндай жалған жүйенің шешімі тек цифландыру дейді Премьер-министрдің орынбасары. 

Жүйе бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда МӘМС-ке жаңа басшылық келді. Бір айдың ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесінде көптеген кемшілік анықталды. Бұл жұмысты пысықтап, халыққа жеткіземіз, - деп түсіндірді Көлгінов.

Ол бағдарламаның бірнеше кемшін тұсын атап өтті.

Біріншіден, ашықтық жоқ және цифрландыру жұмыстары жүргізілмеген. Мәселен, кейбір медициналық ұйымдар бір қызмет көрсетіп алып, бірнеше қызметті жазып отырған. Кейбір адамдардың смартфонына жалған хабарлама келіп отырған. Қазіргі таңда 52 мың адамға жалған медициналық көмек көрсетілген деген фактіні анықтап отырмыз, - деді Алтай Көлгінов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы