Маминді бәрі бірауыздан қолдап дауыс берді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында тағы бір құжатты ұсынды.
Бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамы және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылауға арналған.
Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 жылға арналған болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын қайта қарады.Мысалы, 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі – 3,1 пайыз деңгейінде, мұнай бағасы – бір баррель үшін 50 доллар деңгейінде, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде болжанып отыр. Осыған байланысты республикалық бюджет жобасы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамын есепке ала отырып қалыптастырылды,- дейді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, 2021 жылға арналған нақтыланған бюджет шығыстарының негізгі бағыттары Nur Otan партиясының бағдарламасын және Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды қамтамасыз ету болып саналады.
Сонымен қатар бұл шығыстар пандемиямен күрес шараларын қаржыландыруға және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын ынталандыруға бағытталған. Егер сұрақтар болмаса, ұсынылған Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдауды және бюджетті нақтылау бойынша тиісті заң жобасына және тиісті жарлық жобасына дауыс беруді ұсынамын, - деді премьер-министр.
Дауыс беру кезінде Асқар Маминге қарсы келген ешкім жоқ. Министерлер кабинеті бірауыздан қолдап дауыс берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы