Мамин жағдайы күрделі өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында инфекциялық репродуктивтілік 1-ден жоғары өңірлерді атады. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын байқап отырмыз. Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсуі 1, 2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда сауығып шыққандар саны барлық  науқастың  69,4 пайызын құрайды. Қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалар жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді, - деді ол. 

Мамин атап өткендей, аптаның қорытындысы бойынша инфекция репродуктивтілігі 1-ден төмен бірқатар өңір тіркелді.

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, ШҚО, Қызылорда, Павлодар облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында инфекция репродуктивтілігі 1-ден төмен. Ал инфекция репродуктивтілігі 1-ден жоғары Ақмола мен Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл облыстарда жағдай күрделі және осы өңір әкімдері эпидемияға қарсы шараларға баса назар аударуы керек. Қазіргі таңда 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар саны жаңа өсімін көрсетті. Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін. Оған дайын болуымыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажет, - деді Мамин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы