Асқар Мамин өз-өзін оқшаулады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына барған сапарында коронавирус індетін жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездескен. Бұл туралы  Facebook-тегі парақшасында Премьер-министрдің баспасөз хатшысы жазды. 

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс, - деп жазды Зарина Нұрланова. 

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді.

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады, - деді ол.

Естеріңізде болса, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бүгін қатерлі індетті жұқтырып, ауруханаға түскені жайлы хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы