18 Тамыз 2020 2020, 15:45
Мамин Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Премьер-министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.
Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді, - делінген хабарламада.Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.