Мамин Тәжікстан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшылары сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.
Тараптар Тәжікстан Республикасы биылғы 24 шілдеден бастап Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тараптары 2021 жылғы 16 маусымда қол қойған хаттамада келісілген көлемдерден артық 50 м³/с шығынмен «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстан Республикасына қосымша су жіберуді бастайды деп уағдаласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Александр Бублик ресейлік қарсыласынан ұтылып қалды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы