Мамин: Тұрғын үй мен инфрақұрылым құжаттарын уақытында дайындау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады.
"Тұрғын үй салуға және инженерлік инфрақұрылым жеткізуге уақытылы дайын болудың маңызы зор. Алайда, жобалық-сметалық құжаттардың дайын болмауына байланысты 2020 жылғы қаржы бөлінетін жаңа жобаларды қалыптастыру жұмысына барлық әкімдер бірдей қатыспай отыр. Алдағы уақытта бұлай болмау керек. Үйлер салынып дайын тұр. Ал инфрақұрылымы әлі дайын емес. Сондықтан әкімдерге ережеге сәйкес барлық жобалық құжаттарды әзірлеуді бір ай мерзімінде аяқтауды тапсырамын", - деді Асқар Мамин отырыста.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы биыл шамамен 13 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланғанын айтты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 мың шаршы метрге артық екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанаға Францияның экономика және қаржы министрі келді
Өзгелердің жаңалығы