Мамин Сауда министрлігіне жол картасын өзгертуге 1 апта берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында электронды коммерцияны дамыту бағытында бірнеше тапсырма берді.

Үкімет басшысының айтуынша, елімізде онлайн сауда жасайтын қазақстандықтардың саны жал сайын артып келеді.
Электронды коммерция – экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан сигменттерінің бірі. Тауарлар мен қызметтерді интернет арқылы сатып алатын адамдар саны жыл сайын артып келеді. Әдеттегі дүкендерге қарағанда бұл – оңай әрі арзан. Қызметтер мен тауарларды интернет арқылы рәсімдеу жаңа жұмыс орындарын құрады. Біздің белсенді онлайн сатып алушылардың саны қарқынды дамуда. 2018 жылы 2,3 млн адам болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,2 млн адамға жетті және онлайн сатып алушылардың саны қарқынды өсіп келеді. Бұл әлемдік трендтке толық сәйкес келеді, - деді Асқар Мамин.
Премьер-министр осы аталған деректерді негізге ала отырып, бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Электронды коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына өзгерістерді қосу үшін Сауда министрлігіне апта уақыт берді.
Осыған байланысты мыналарға тоқталғым келеді. Бірінші, қазақстандықтар тауарларды шетелдік интернет дүкендерден белсенді сатып ала бастады. Отандық өндірушілер әлемдік онлайн алаңдарға шыға бастады. Осы бағыттағы белсенділікті арттыру керек. Сауда министрлігіне электрондық алаңдар арқылы өнімдерімізді экспортқа шығару шараларын әзірлеуді тапсырамын. Екінші, электронды сауданы дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Республиканың ірі қалаларының бәрінде көлік-логистика әлеуетін арттыру қажет. Сауда министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірге инфрақұрылымды дамыту механизмдерін әзірлеп, іс-шараларды электронды коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына қоссын. Үшінші, электронды коммерцияның қарқынды дамуына байланысты жаңа мамандықтар ашылуда. Жұмыс орындарының саны өсіп келеді. Сондықтан Қазақстанның ірі қалаларын Е-коммерц орталықтарының базасында оқытуды қолға алу керек. Сауда, Білім, Цифрлық даму министрліктері және "Қазпошта" акционерлік қоғамы сұранысқа ие мамандықтарды оқыту мен қайта дайындау бойынша жұмысты жалғастырып, электронды сауданы жүргізуге назар аудару қажет. Жалпы Сауда министрлігіне бір апта мерзімінде электронды коммерцияны дамыту жөнінде жол картасын бүгінгі айтылған тәсілдерді ескере отырып, жаңартуды тапсырамын, - деп түйіндеді Асқар Мамин.
Жиын барысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасап,электрондық сауда үшін цифрлық кеңістікте жағдай жасау керектігін айтты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы