Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қазанда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады, деп хабарлады primeminister.kz.
"30 қазанда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады. Бұл Қазақстан Үкіметі басшысының Нидерландыға екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары болады, онда Нидерланды Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттемен кездесу өтеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды", - делінген жарияланған ақпаратта.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Голландия бизнес-форумына қатысып, Shell, Bitfury, Suez Group, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компанияларымен келіссөздер өткізеді және бірқатар инновациялық нысандарды аралайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асық атудан ел чемпиондары анықталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы