13 Наурыз 2020 2020, 15:44
Асқар Мамин Ресей мен Беларусь үкіметінің басшыларымен сөйлесті
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен және Беларусь Республикасының премьер-министрі Сергей Румаспен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Үкімет басшылары Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.