Мамин: Pfizer вакцинасы еліміздің коммерциялық нарығына жеткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қажетті көлемде қамтамасыз ету маңызды.
Біз қазір ДДСҰ ұсынысы бойынша вакциналауға жататын адамдар санатын кеңейтіп жатырмыз. Жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакциналау басталды. Адамдардың өздерінің тандауы бойынша қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болуы үшін вакцинаны коммерциялық нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын, - деді Үкімет басшысы.
Қазақстанда ревакцинацияны биылғы 22 қарашада бастау жоспарланған. Бұған дейін салынған вакцинаның түріне қарай, екінші компонентті алған сәтінен бастап 6-9 ай өткен азаматтар егілетін болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Pfizer вакцинасының қанша балаға егілгені туралы айтқан болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Pfizer вакцинасының қанша балаға егілгені белгілі болды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы