Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында эпидахуалға байланысты министрлер мен әкімдерге тапсырма берді.
Бүгінгі таңда «қызыл аймақтағы» 5 өңірге, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарына тағы да бір өңір қосылды. Бұл – Солтүстік Қазақстан облысы. Жалпы республика бойынша вирустың репродиктивті көрсеткіші 1,1 пайыз. Ауруханалардағы инфекциялық орындарының жүктемелері 32 пайыз, реанимациялық орындар 23 пайыз.
Қазіргі таңда халыққа жаппай вакцина салуды ұйымдастыру ең маңызды міндет. Өздеріңізге мәлім, отандық вакцина клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, бүгінгі күні Спутник вакцинасының сапасы аттестациядан өтіп жатыр. GMP стандарты бойынша вакциналар шығаратын биофарм зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр, - деді Мамин отырыста.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайды ескеріп өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтып, тапсырма бірді.
Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге медицина ұйымдарын 1 ақпаннан бастап халықты жаппай вакцинациялауға дайын болуын қамтамасыз етсін. Егу пунктерінде вакцинаны сақтауға арналған қажетті жабдық болуы тиіс. Сонымен бірге мидицина қызметкерлерін оқыту қажет. Бір апта ішінде егу пункттерінің дайындығын және вакцинамен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін шешуді тапсырамын. Екіншіден, өңірлердің әкімдері эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, шектеу шараларын қабылдасын. Халық пен бизнес субъектілерін белгіленген санитарлық нормаларды қатаң сақтауын қамтамасыз етсін, - деді Премьер-министр.
Сондай-ақ бір апта мерзімінде инфекциялық ауруханалар мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы жеке қорғаныш құралдары мен COVID-ке қарсы дәрілерге ревизия жүргізсін.
Үшіншіден, ІІМ әкімдіктермен бірге мониторинг топтарының жұмыстарын көбейтсін. Ақпарат министрлігімен бірге түсіндіру жұмыстарын арттыру қажет. Өңірлерде бақылау мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін, - деп Мамин Үкімет отырысына қатысушыларға тапсырма берді.