Мамин мен Есімов бір-біріне тілекті жаудырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 70 жасқа толды. Мерейтой иесін Үкімет отырысынде премьер-министр Асқар Мамин құттықтады.
 

 

15 желтоқсан – Ахметжан Смағұлының (Есімов - тілші) туған күні. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ахметжан Смағұлұлы – тәжірибелі басшы, үкіметте, өңірлерде, ЭКСПО компаниясында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, аса маңызды ЭКСПО көрмесін табысты ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізін қалады, қазір «Самұрық-Қазына» қорын басқарып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Елбасы мен Президент қойған тапсырмалар мен міндеттерді тиімді орындап, нақты жұмысты ұйымдастырып келеді, – деді Мамин.  

Осы ретте Ахметжан Есімов  премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне алғысын білдірді. 

Сіздермен бірге жұмыс істегенімді жоғары бағалаймын. Біздің бүгінгі күнге жетіп отырғанымыз – бірге атқарған жұмыстың арқасы. Сонымен қатар Асқар Ұзақбайұлын (Мамин - премьер-министр) «Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталуымен құттықтаймын. Мен Үкіметке алғаш рет 26 жыл бұрын вице-премьер болып келген едім. Сол уақыттан бері бірінші рет премьер-министрді Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттап отыр. Елбасы кеше сізге үлкен награда тапсырды. Ол осы отырған әріптестеріңіз бен өз еңбегіңіздің бағасы, – деді Есімов. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы