Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандыққа мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!, - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы