Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин барша қазақстандықты бірлік күнімен құттықтады.

Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы. Қазақстанда әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар – бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықты еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды. Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты. Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы