Мамин карантиннен шыға сала жаңа тапсырмалар берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзін-өзі оқшаулаған Асқар Мамин онлайн үкімет отырысын өткізіп, министрлер мен әкімдерге жаңа тапсырма берді. 

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұқпалы аурулардың 57 түрі бойынша науқастану деңгейі төмендеді. Оның ішінде  менингитпен ауыру 3,5 есе, қызылшамен сырқаттану 2,8 есе, сальмонеллезбен ауыру 2,1 есе төмендеді. Бес айдың ішінде 1,4 млн адамға жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық екпе жасалды, бұл егілуге тиіс адамдардың 92%-ын құрайды, - дейді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, ал коронавирус инфекциясына қатысты жағдай күрделі деңгейде қалып отыр. Соңғы екі аптада барлық дерлік өңірде науқастар саны көбейген.

Мұның негізгі себебі - адамдардың санитарлық талаптарды орындамауы мен бақылаудың нашарлығы. Осыған орай, Ведомствоаралық комиссияның шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалалар мен тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлердің елді мекендерде қосымша шектеу шаралары енгізілді.Бұл шешім жергілікті жерлерде нақты орындалуы тиіс. Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс.  Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін дайындауды тапсырамын. Әрбір өңірдегі жағдайды ескере отырып, іске асырылып жатқан шараларды түзету бойынша жедел шаралар қабылдансын, - деді үкімет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы