Мамин елорданың туристік кешенінің құрылыс алаңына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы («Барыс Арена» мұзайдын сарайының батыс жағындағы) көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты. 

Жобаның инвесторы БАӘ-ден девелопер «Ellington Properties Development LLC» компаниясы болып табылады, бас мердігер – «Renaissance Construction» компаниясы. Жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешен аумағы 2,6 млн ш.м., қосымша құрылыстар аумағы 333 га құрайды. Мұнда аумағы 15 мың ш.м. болатын аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, террасалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және т. б. орналасады. 


Жобаның бірінші кезеңін (29 га) 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды. 


Тексеру сапарына Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және т. б. қатысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы