Мамин электромобильдерді көбейтуге ниетті екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин электр көлігінің көбеюін ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру керектігін айтты.
Экологиялық қауіпсіздік және шығарындыларды азайту әлемнің көптеген елдерінің сыртқы және ішкі саясатының маңызды элементі болып саналады. Әлемнің жетекші елдері 2050-2060 жылдарға қарай парниктік газдар шығарындысының нөлдік деңгейіне қол жеткізді көздеп отыр. Мемлекет басшысы экологиялық ахуалды жақсарту мәселесін басым міндеттердің бірі екенін белгіледі. Сонымен қатар Nur Otan партиясының бағдарламасын орындау аясында 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары және елдің солтүстік өңірлерін газдандыру жүргізілуде.
Үкімет басшысы қоқыс өңдейтін 6 зауыт салынатынын айтты.
Атмосфераның ластануындағы мәселелерінің бірі - автокөлік құралдары шығаратын газ. Қоғамдық көлік газға көшіріліп жатыр. Автопаркті жаңарту бойынша кешенді шараларды одан әрі іске асыру, отын сапасы мен шығарындылар мөлшерін бақылауды күшейту қажет. Электр көлігінің көбеюін ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру керек. Мысалы, жуырда электромобильдерді кәдеге жарату алымы алынып тасталды, - деді Премьер-министр.
Ол экологиялық тұрғыдан тиімді жұмыс жасамайтын кәсіпорындар мен жылу электр орталықтарының шығарындыларын көлемін азайту тиіс деп отыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға қарай қабылданып жатқан шаралар 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге және жалпы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұған қоса жүйелі экологиялық проблемаларды шешу үшін үздік әлемдік практиканы ескеріп, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Оның негізгі элементтерінің бірі ірі өндірістердің озық технологияларды енгізуі болып саналады, - деді Асқар Мамин.Бұған дейін Үкімет отырысында эпиджағдайды бақылауда ұстау қажет екенін айтқан Премьер-министр вакцинациялауды күшейтуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
5 айда жазатайым оқиғадан 564 адам зардап шекті – Еңбекмин
Өзгелердің жаңалығы