Мамин: Экономиканың тұрақтылығы халықтың табысының төмендеуіне жол бермейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында Премьер-министр Асқар Мамин экономиканың тұрақтылығы халықтың нақты табысының айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік бергенін айтты. 

Биылғы жылдың бірінші айында экономиканың базалық салаларының көрсеткіштері жақсаруда. Дегенмен карантиндік шектеу шараларының болуы және олардың күшейтілуі қызмет көрсету мен көлік салаларына әсер етуде, - деді Мамин.

Өңдеу өнеркәсібінің орнықты өсу серпіні байқалады. Жыл басынан бері өсу қарқыны 3% болды.

 Өсудің басты қозғалтқыш күштері – металлургия өндірісі - 3,1%-ға, оның ішінде түсті металл өндірісі - 6,6%-ға, машина жасау – 16,2%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 21,2%-ға, химия өнеркәсібі – 12,8%-ға, құрылыс материалдары – 11,8%-ға, фармацевтика – 4% болды, - деп айтты Үкімет басшысы.

Премьер-министр баяндағандай, құрылыс көлемі 7%-ға артты, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,4%-ға немесе шамамен 801 мың шаршы метрге артты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 2,5%-ға өсті. Тау-кен секторы – ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне себеп болды.

Тау-кен секторындағы шектеулі серпін Қазақстанның ОПЕК плюспен келісімдер аясында мұнай өндіруді қысқарту бойынша міндеттемелерді орындауының қажеттігінен болды. Сондықтан мұнай секторының нақты көлемінің индексі 12,3%-ға төмендеді, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен бірге көмір өндірісінде жоғары өсу қарқыны байқалып отыр.

Тау-кен өндіруді есептемегенде негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 25,5%-ды құрады. Қызмет көрсету секторында ақпарат пен байланыс саласында өсудің жоғары қарқыны байқалды. Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейінгі диапазонда ұстап тұруға және халықтың нақты табысының айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік берді, - деп айтты Премьер-министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы