Мамин екі министрлікке тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін министрлер Үкіметте ұсынылған әлеуметтік-экономикалық дамуды нақтылауды және 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетке дауыс берді.
Коронавирус індеті салдарынан жаһандық экономикадағы жағдай күрделі болып отыр. Оны еңбек өнімділігі мен өндірістің көлеміне де әсері ұзақ уақытқа созылады. Осы ретте біздің басты міндеттеріміз - азаматтар үшін дағдарыс салдарын азайту және алдағы уақытта экономика залалдарын қысқарту. Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмаларын бұрын қабылданған бірқатар міндеттемені орындау үшін 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет коронавируспен күресуге қосымша қаражат бөлу және экономиканың нақты секторын қолдау, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін басым шығындар көзделген, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Премьер-министр бюджеттің бұл параметрлері Мемлекет басшысымен келісілгенін айтты.
Үкімет отырысына қатысушылар ұсынылған әлеуметтік-экономикалық дамуды нақтылауды және 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетке дауыс берді.
Сондай-ақ Мамин Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Премьер-министрдің кеңсесімен бірлесіп Заң жобасын және әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамын бүгінгі күн соңына дейін Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да 6 блок-бекет қойылды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы