Мамин Беларусь премьер-министрімен келіссөз өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына жасаған жұмыс сапары аясында премьер-министр Асқар Мамин Беларусь Республикасының премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша Қазақстан мен Беларусь 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді.