Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шуақты көктемнің бастауы, тіршіліктің қайта жанданып, жаңаруын, жылулық пен сенімді, жарқын болашақты бейнелейтін сүйікті мерекеміз - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 

Биыл біз әрбір азаматтың денсаулығын сақтау мақсатында Наурызды халық көп жиналатын мерекелік жиындарсыз, отбасымыздың ортасында атап өтіп жатырмыз. Біз барлық қиындықты оңай еңсеріп, келер жылы әз-Наурызды ынтымағы жарасқан көпұлттық халық болып бірге қарсы алатынымызға сенемін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!,  - делінген құттықтауда. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы