Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін, - деді ол.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
30 тамызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы