Мамин қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құрметті Қазақстан педагогтері, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Педагог – талмай тер төгуді талап ететін, қоғамдағы аса маңызды, қастерлі мамандықтардың бірі. Мұғалімнің ерен еңбегі ел болашағы – жас ұрпақтың адамгершілік құндылықтары мен мемлекеттің зияткерлік және экономикалық әлеуетінің қалыптасуына тікелей ықпалын тигізеді. Бүгінгідей күрделі кезеңде мұғалімдердің біздің қоғамның тыныс-тіршілігіндегі теңдессіз мәні мен ауқымды рөлі айқын көрініс беріп отыр. Әсіресе, қазіргі жағдайда ұстаздар қауымы ел келешегінің тізгінін ұстайтын өскелең ұрпақты зор ыждағаттылықпен білім нәрімен сусындатуды жалғастыра отырып, үлкен жауапкершілікті көтерудің және борышын адал өтеудің жоғарғы үлгісін көрсетіп, аз уақыт ішінде оқытудың жаңа форматына бейімделіп үлгерді. Құрметті ұстаздар, елеулі еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, игілік пен табыс тілейміз, - деді Асқар Мамин.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Анталияда садақ атудан халықаралық дода өтеді
Өзгелердің жаңалығы