Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Құрметті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсету, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыру және жалпы, еліміздің экономикалық дамуы, Қазақстан халқының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуы сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте абырой тілеймін, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент: Biz Birgemiz. Бұл – біздің қоғамның жаңа ұраны
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы