Мамин Арыс қаласының қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында Арыс қаласы төтенше жағдайдан кейін қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, үкіметтік комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте Nur Otan партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды», - деді Премьер-министр Үкімет отырысында.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қасымбек Арыста қанша тұрғын үй жарылыстан зардап шеккенін айтты
Өзгелердің жаңалығы