Мамин Алматы облысында май шығару зауытының ашылуына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен бірге Іле ауданында «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.

Арнаулы сөзінде Үкімет басшысы Қазақстанда қазіргі дейін еліміздің көмірсутек секторына $9,5 млрд инвестиция салған «Лукойл» компаниясының зауытының ашылуы еліміздің мұнай-газ секторының дамуының қазіргі векторына, атап айтқанда, шикізаттық бағыттылықтан терең өңделетін өнім шығаруға көшуге сай келетінін айтты. 

Зауыттың қуаттылығы - жылына 100 мың тонна өнім – 800-ден аса май түрлерін қамтиды. Өндіріс Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Қытай, Ауғанстан және Моңғолияның ішкі нарығын майлау майларымен қамтамасыз етуге арналған. Зауытқа «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистралінің жақын орналасуы логистикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның құрылысына және оны жарақтандыруға салынған жалпы инвестициялар көлемі $94 млн құрады. Жоба Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқық талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылды.

ҚР премьер-министрінің қатысуымен «Лукойл» ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында «Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскелерді  бірлесіп зерттеу туралы» келісімге қол қойылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы