Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында мегаполистің селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының дамуын тексерді.

Үкімет басшысы «Аюсай» және «Ақсай» сел ұстайтын бөгеттерінің, «Қарғалы» су тарту құрылысының салыну барысымен, сондай-ақ Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі мореналық көлдердің жай-күйімен танысты.


Сел бөгейтін «Аюсай» және «Ақсай» бөгеттерін салу Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің бір бөлігін, Алматы ГЭС каскадының объектілерін, Алматы қаласының автожолын – «Алма Арасан» санаторийін, Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел тасқынынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді. 

А. Мамин бөгеттердің құрылысын белгіленген мерзімде – «Аюсай» бөгетінің құрылысын 2022 жылғы қазан айында, «Ақсай» бөгетінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы