Мамин әкімдерге 1 ай уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды.
Өрт негізінен электр жабдықтары мен пеш жүйесін дұрыс пайдаланбау салдарынан шығады. Өңірлердің әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдасын. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекция құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы қажет. Алайда бұл жұмыс астанада, Алматыда, Ақмола облысы мен Қостанай облысында ғана орындалды. Басқа барлық өңірдің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын, - дейді Асқар Мамин.
Ол жауапты ведомстволар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру шараларын күшейтуі керектігін атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі жәрдем көрсетсін, - деді Үкімет басшысы.
Ол Ішкі істер министрлігіне тұрғын үй секторында рейдтер жүргізуді тапсырды.
Әлеуметтік нысандарда орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешу керек. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін құру жұмысын жалғастыру қажет, - деді Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев: Дәрі-дәрмек қоры үнемі бақылауда болуы керек
Өзгелердің жаңалығы