Мамин 2021 жылға тапсырма беріп тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин 2021 жылы «қағаз» анықтамаларды толығымен жою керек деп айтты.
Смартфон қолданушылар саны өсіп жатыр. Осы ретте мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov мобайлға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігі қамтамасыз етуіміз қажет, - деді Асқар Мамин.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырған. Оның айтуынша, жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарға қажетті электрондық медициналық мәліметтерді беруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру мен жаңартуды қамтамасыз етуді жүктеймін. Әкімдер мен мүдделі мемлекеттік органдар әлеуметтік сипаттағы қызметтер бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға назар аударуы қажет,- деді үкімет басшысы.
Премьер-министр сервис пен кері байланыс деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.
Халық қажетті мемлекеттік қызметті кезексіз, артық ешқайда бармай алуы керек. Мысалы, қазір үйлер пайдалануға көптеп тапсырылып жатыр, әртүрлі тұрғын үй бағдарламалары бар. Ипотека алу және кепілге қою механизмін барынша жеңілдету қажет. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға барлық ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысы мен тиімді интеграциясын қамтамасыз етуді, олардың сапасын арттыру шараларын қабылдауды тапсырамын. Олар халықтың пайдалануы үшін жеңіл болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы жаңалықтарды түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет, - деді Асқар Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңілістен көз ашпай жүрген Қазақстанды алда не күтіп тұр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы