«Маманың аты – мама». Елордада ерекше көрме өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Достық үйінде Отбасы күніне орай «Мама» фотокөрмесі ашылды.






Бұл шара отбасы институтын насихаттау, көпбуынды отбасын құрметтеуге тәрбиелеу, қазақстандық қоғамның көпқырлылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.


Көрмеге ҚХА-ның табысты, көрікті және мейірімді нәзік жандыларының фотолары қойылған.



Көпбалалы, қоғамда белсенді жұмыс істейтін әйелдерді суретке түсіріп, фотокөрме ұйымдастырып отырмыз. Бұл көрмеге 24 әйел қатысты. Олар әр ұлттың өкілдері. Халыққа, адамдарға үлгі болатындай көрме деп ойлаймын. Онымен қоса көрмеге 92 жастағы кейіпкер Роза Долгиева әже де атсалысты. Ассамблеяның жанында бірнеше қоғамдық құрам бар. Оның бірі Аналар кеңесі. Оның мүшелері осы фотокөрмені аналарымыздың жетістіктерін көрсетейік, олар тек қана бала туумен емес, өздерінің кәсіби, яғни айналысып жүрген жұмыстарын көрсетуді ұсынды. Енді аталған шара Отбасы күніне арналып отыр. Биыл ҚХА-ның 25 жылдығы. Соған арнайы шығарылған төсбелгілер бар. Сол төсбелгілерді Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне табыстаймыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Ләззат Құсайынова.


Оның айтуынша, мұндай шараларды өткізуге алдағы уақытта да көңіл бөлініп тұрады. 



Себебі, Президенттің халыққа Жолдауында да көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша бірнеше жоспар айтылған болатын.


Мұндай фотокөрме алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 


Отбасы – әр адамның ең басты құндылығы. Ал ана сол отбасының ұйытқысы. Ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі ретінде маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан толық емес, көпбалалы отбасылар, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін көпбалалы отбасыларға олардың мәселелерін шешуге ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, осы мақсатта бірқатар шара атқарылып жатыр. Гендерлік теңдік еліміздің әйелдері үшін тең мүмкіндіктер ашады. Отбасы күні мәдени құндылықтарды, дәстүрімізді сақтауға балаларды тәрбиелеуде ықпалын тигізіп жатыр. Алдағы уақытта да ел игілі үшін жарқын болашағы үшін еңбек етеміз деп үміттенемін, - деді Нұр-Сұлтан қалалық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы-хатшысының бас инспекторы Мөлдір Алтынбекқызы.


Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА-сы жанынан отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында Аналар кеңесі құрылған болатын. 


Аналар кеңесі жылдар бойы өз қызметтерін атқарып келеді. 


Аналар кеңесі үлкен жұмыстар атқарып келеді. Індетке, карантинге қарамастан, әйелдерге тек қайырымдылық шараларын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ психологиялық көмек те көрсетті. Өкінішке қарай, қоғамда көпбалалы ананы бірдей қабылдай бермейді. Шынын айтсақ, оларға құрмет барлық жерде көрсетіле бермейді. Көпбалалы аналардың атына жақсы әңгімелер әрдайым келе бермейді. Алайда, маманың аты – мама. Бүгінгі фотокөрме, бүгінгі әйелдер - ана өз жанұясын қорғаушы екенінің дәлелі, - деді Алтынай Тәңірбергенова Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы. 


Сондай-ақ, көрме аясында Аналар кеңесінің белсенді мүшелерін «Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды. 


Олар - Сарсенгуль Зиявдинова, Камета Ибраева, Ханифа Мациева, Шапаат Нурахунова, Наталья Рудой.






Көрмеге 24 әйел мен олардың отбасыларының фотолары қойылды. Олардың арасындағы ең үлкен кейіпкердің жасы 92-де. 


Роза Долгиева Қазақстанға кішкентайында жер аударған. 


Кейін қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан. Роза әжейдің 7 баласы, 24 немересі, 39 шөбересі, 1 шөпшегі бар.


Басқа да көрме кейіпкерлері туралы фотокөрмеде ұсынылған фотолар арқылы танысуға болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы