Мамандығымды бала кезімде таңдап қойдым – құтқарушы
Торғай Парасат 1998 жылы 21 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Миялы ауылында Х.Досмухамедұлы атындағы орта мектепке қадам басып 2015-2018 жылдары С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде білім алған. 2018 жылы Алматы қаласындағы Жетіген ауылында Отан алдындағы борышын өтеген. 2020 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында. Бүгінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы болып еңбек етеді.
Құтқарушы мамандығын бала кезімде таңдап қойғанмын. Өзім үшін ғана емес, жақын адамдарым үшін, айналамдағы жандарға көмектесу мақсатынжа осы қызметті таңдадым. Жұмыстың қиындығы жоқ деп айтпаймын. Қызығы қатар жүреді. Біреуге пайдам тисе қуанамын. Еңбек жолымды жалғастырып, өзім қойған мақсатқа жеткім келеді, - дейді Парасат Торғай.
Әріптестері Парасатты қызмет атқарған кезінде өзін сауатты маман, талап қоя білетін және адал қызметкер ретінде көрсететінін айтады.
Ол азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік актілерді біледі, оларды жұмыста шебер қолданады. Аға өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде өзін сауатты, адал, орындаушы маман ретінде көрсете білді. Қызмет атқарған күннен бастап жақсы жағынан көріне білді. Іске тиянақты, аса жауапкершілікпен қарайды. Бөлім басшылары берген тапсырмаларды уақытылы ұқыпты орындайды. Өртке қарсы қызметінің жұмыс жарғысы мен өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын жақсы меңгерген, - дейді Облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов.