“Мамандығымды бала кезімде таңдап қойдым”. Атыраулық жас құтқарушы тасқын кезінде эвакуация жұмысына атсалысты

Торғай Парасат Асқарұлы 1998 жылы 21 қазанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Миялы ауылында Х.Досмухамедұлы атындағы орта мектепке қадам басып, 2015-2018 жылдары С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде білім алған. 2018 жылы Алматы қаласындағы Жетіген ауылында Отан алдындағы борышын өтеген. 2020 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында. Бүгінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы болып еңбек етеді.

Құтқарушы мамандығын бала кезімде таңдап қойғанмын. Өзім үшін ғана емес, жақын адамдарым үшін, айналамдағы жандарға көмектесу мақсатынжа осы қызметті таңдадым. Жұмыстың қиындығы жоқ деп айтпаймын. Қызығы қатар жүреді. Біреуге пайдам тисе қуанамын. Еңбек жолымды жалғастырып, өзім қойған мақсатқа жеткім келеді», - дейді Парасат Торғай.

Әріптестері Парасатты қызмет атқарған кезінде өзін сауатты маман, талап қоя білетін және адал қызметкер ретінде көрсететінін айтады.

Ол азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік актілерді біледі, оларды жұмыста шебер қолданады. Аға өрт сөндіруші-құтқарушы ретінде өзін сауатты, адал, орындаушы маман ретінде көрсете білді. Қызмет атқарған күннен бастап жақсы жағынан көріне білді. Іске тиянақты, аса жауапкершілікпен қарайды. Бөлім басшылары берген тапсырмаларды уақытылы, ұқыпты орындайды. Өртке қарсы қызметінің жұмыс жарғысы мен өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын жақсы меңгерген, - дейді Облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов.

Парасат Асқарұлы, көктемгі тасқын кезінде де бар күшін салып, қызметтік борышын абыроймен атқарды. 2024 жылғы 31 наурыз күні азаматтық қорғау сержанты П. Торғай 61 қызметкермен бірге Атырау облысы Қызылқоға ауданына тасқын су басуының алдын алу мақсатында жіберілді. Қызылқоға ауданы Миялы ауылында еріктілермен бірге бөгет салу жұмыстарына белсенді қатысты.

Жақын аумақтағы қыстақтардан барлығы 28 адам (соның ішінде 7 бала) қауіпсіз жерге көшірілді. 2024 жылғы 04 сәуір күні Жылыой ауданында аудан әкімінің №8 шешімімен «Табиғи сипаттағы» төтенше жағдай жарияланған болатын. Азаматтық қорғау сержанты П. Торғай өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірге тұрғындарды эвакуациялау және су басқан аумақтан үй жануарларын және тұрғындардын мүліктерін құтқару бағытында атқарылған жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 36738 адам эвакуацияланып 191 адам, 248 бас мал мүлігі, 35 бірлік үй жануары құтқарылды.

Қала аумағында да бірнеше рет орын алған ірі өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, батылдық пен шеберлік таныта білді.

Өрт сөндіруші – құтқарушының жұмысы әркімнің қолынан келе бермейді. Өмір мен денсаулыққа тұрақты қауіп - қатер, өте қарқынды жүктемелер, қателік жібермеу үшін қызметтің барлық қыр - сырын білу қажеттілігі - құтқарушының еңбегі екенін көрсетеді, бұл шынымен де күрделі кәсіп.

Парасат Торғай мамандығына деген махаббатының, адалдығының арқасында жұмыс барысында кәсіби сауатты, саналы қызметкер ретінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Кәсіби дағдыларын күнделікті қызметте, сондай-ақ өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды жоюда пайдаланады.

Бірнеше рет ірі және күрделі өрттерді сөндіруге қатысып, адам өмірін сақтауда, тұрғындардың дүние мүліктерін аман алып қалуда бар күш жігерін салып, іс-қимыл жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жеке мұрағаттан
Өзгелердің жаңалығы