Мамандар коронавирус смартфон бетінде қанша уақыт өмір сүретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустралияның медицина орталығының мамандары коронавирус инфекциясы ақша, металл ұстағыштар мен ұялы телефонның бетінде қанша уақыт өмір сүре алатынын айтты. Зерттеу нәтижесі Virology Journal-да жарияланды.  

Мамандар коронавирус үй температурасы кезінде тегіс жерлерде 28 күн тұра алатынын айтты. 

Ең қауіптісі әйнектер болып шыққан, оған қоса смартфон экрандары, банкнота, сондай-ақ, тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар да бар. 

Бұл заттарда коронавирус +20 градуста бір айға жуық, +30 градуста үш аптадай, ал +40 градуста бірнеше тәулік қана өмір сүре алады. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы