Мамандар газ жарылысының алдын алу жолдарын айтып берді

Мамандар газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының газбен жабдықтау және өткізу қызметінің бастығы Мурат Бектибаев брифинг өткізді.

Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Тұрмыстық газ жарылыстары мен тұрғын үйлердегі өрттердің елеулі бөлігі тұтынушылардың қауіпсіздік стандарттарын елемеу және газды пайдаланудың негізгі ережелерін білмеу салдары болып жатады.

Жылу беру маусымына дайындық аясында Астана қаласы ТЖД өкілдерімен бірлесіп «Көктал-2» және «Юго-Восток» ЖМ-де бірлескен рейдтер өткізді. Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен тұрмыстық газ аспаптарымен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелері еске салынды. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға газ жабдықтарын пайдалану бойынша ұсыныстар мен жадынамалар таратты, - дейді Ержан Балабеков.

Айта кетерлігі, жарылыс немесе өртке себеп болған газ жабдықтарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін сақтамау іс барысындағы заң бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болады.

Сондықтан тұрғындар газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнату керек.

Тұншықтырғыш газбен улану белгілері - 0,08% жеңіл бас ауру, тұншығу, бас айналу, кеуденің ауруы, құрғақ жөтел, жүректің айнуы, құсу, түрлі елестер, қан қысымының көтерілуі, 0,32% дейін ауырлық Қозғалудың қиындауы, естен тану, 1,2% жоғары ауыр ауа жұтқаннан кейін естен тану, сіңірдің тартылуы, тыныс алудың бұзылуы (адам 3 минутқа жетпей көз жұмады).

Пәтерде газдың иісі сезілсе, жедел түрде барлық газ кранын жауып, бөлмені желдетіп, ашық отты, электр құралдарын пайдаланбаған жөн. Төтенше жағдайда дәрігер келгенге дейін жеңіл уланған сәтте мүсәтір спиртін иіскетіп, кофе немесе қызыл шай ішкізу керек. Далаға шығарып, еркін тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешіп, жайлы жерге жатқызған дұрыс. Қажет болса қолдан дем алдыру қажет.

Жыл басынан бері 445 (557, - 20%) өрт тіркелді, онда 7 адам (10 - 30%) өрттен опат болды, 27 (13) адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс объектілерде әлі де көп  өрт деректері тіркелуде. Олардың негізгілері - тұрғын үй секторынан шығады. Мәселен 176 жағдай тіркелсе оның 151-і көлік құралдары, 22-сі - жаңадан салынып жатқан объектілер. Бұл барлық тіркелген өрттің 78% (445-тен 349-ы) құрайды.

Ведомстволық есепке сәйкес елорданың тұрғын үй қорында барлығы 3 309 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның 895-і жоғары қабатты үйлер (10 қабат және одан жоғары), 83-і шағын отбасылық жатақханалар.

Өрттердің жалпы санының 62 немесе 14%-ы көппәтерлі тұрғын үйлерде тіркелген. Көп жағдайда қонақ бөлмелері мен балкондар жанады.

Жоғары қабатты үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Жүргізілген мониторинг деректері бойынша әрбір екінші тұрғын үй кешенінде өртке қарсы қорғау жүйелерінің ақаулығына байланысты проблемалар бар екенін, ал қызмет көрсететін ұйымдар осы жүйелерді жұмыс жағдайында ұстау үшін тиісті шаралар қабылдамайтынын көрсетеді, - дейді Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

Өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Газ шығуы кезінде 104 телефоны бойынша апат қызметін шақыру керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы