Мамандар ең пайдалы жемісті атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медицина мамандары өріктің ең пайдалы жеміс екенін айтып отыр. Әсіресе жазғы уақытта оның пайдасы ұшан-теңіз. Өрікті күнделікті қолданса, көптеген аурудан сақтануға болады екен. Бұл туралы medikforum.ru сайты жазды.
Дәрігерлер өрікті әсіресе жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруына шалдыққан адамдарға көптеп пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар, жүкті келіншектердің денсаулығына өте пайдалы екен.
Мамандардың айтуынша, өріктің колориясы төмен болғанмен, ағзадағы холестеринді төмендетіп, оның күш-қуатын арттырады екен.
Сондай-ақ, ол организмді шлактар мен токсиндерден тазартады екен. Диетологтар артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға да өрік жеуге кеңес береді. Сонымен қатар, өрік адамның көңіл күйін көтеріп, қобалжуды басады екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы