Мамандандырылған ХҚКО жұмысы уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақауларға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы