29 Қыркүйек 2021 2021, 13:52
Мамандандырылған ХҚКО-да тағы ақау шықты. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ала алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте Мамандандырылған ХҚКО жұмысында техникалық ақау шықты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте Мамандандырылған ХҚКО жұмысында техникалық ақау шықты.
Соның салдарынан жүргізуші куәліктерін беру – жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады.