Маман QazVac вакцинасының құны мен құрамының бағасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты.

Қазақстанда бірде-бір компонент өндірілмейді, оның ішінде таро да бар. QazVac қазақстандық вакцинасының құрамындағы химиялық реагенттер мен барлық материал шетелден сатып алынады. Біз мемлекеттік кәсіпорын ретінде өндірістен табыс табуды көздемейміз. Біз препаратты өзіндік құны бойынша жүзеге асырамыз, - деді Әбдірайымов.

Оның айтуынша, вакцина дозасының өзіндік құны 4,7 долларды құрайды. Яғни 2 мың теңгеден асады.

Әлемдік нарықтағы біздің вакцинаның бағасын айта алмаймын. Себебі өндіріс көлемі ауқымды қаржыны қажет етеді. Оған өндірістік қысым мен амортизация кіреді. Сондықтан оның бағасы өсе ме, өспей ме айта алмаймын, - деді ол.

Әбдірайымов айтқандай, кез келген вакцина адамды вирустан 100 пайыз қорғамайды.

Вакцина организмді патогендік микроағзамен кездесуге дайындайды. Ол вируспен кездескенде күресуге дайын болуы керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы