Маман организмге пайдалы деген сусындарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық диетологтар қоғамының өкілі Ольга Деккер «Звезда» телеарнасына адам ағзасына қандай сусындар пайдалы екенін айтты.

Барлық сусынның ішінен маман денсаулыққа пайдасы жағынан суды бірінші орынға қояды, өйткені ол біздің ағзамыз шығаратын суда еритін токсиндерді ерітеді.

Бұл біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Біз тұздарды организмнен шығарып отыруымыз керек. Тер, зәр, көз жасы - біздің ағзадағы барлық сұйықтықтарда белгілі мөлшерде тұз бар. Біз оны организмнен шығарамыз, кеткен сұйықтықты толықтырып отыруымыз керек, ол үшін су ішеміз. Барлығы өз деңгейінде болу керек, - деп түсіндірді Еуропалық семіздікті зерттеу қауымдастығының мүшесі.

Диетолог судың қатарына пайдасы жағынан қайнатылған көк шайды қатар қоюға болатынын айтты. Ал қою шай мен кофенің зәр шығару әсері болғандықтан, оның орнын қайтадан сумен толықтыру қажет болады.

Пакеттегі шырын, жаңа сығылған шырын, газдалған сусын секілді сұйықтықтардың 100 миллилитрінде 12 грамм көмірсу бар, бұл төрт шай қасық қантқа тең.

Сондықтан өзіңіз де, балаға да су берген жөн.

Сарапшы какаоға да тоқтала кетті. Егер сіз оны өзіңіз, сүтпен, какао ұнтағынан және шектеулі мөлшерде қант қосып дайындасаңыз, бұл пайдалы өнім. Дегенмен, көбінесе адамдар пакеттегі какаоны сатып алады. Бұл какаоның ешқандай пайдасы жоқ және құрамында көмірсулардың мөлшері өте жоғары деді маман.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы