Маман Кенесары ханның Құраны ғылыми айналымға енгізілетінін айтты

Бұл туралы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құранын ҚМДБ-ға тапсыру рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл кітап жарық көргеніне 2 ғасырдан асты. Әрбір кітаптың физикалық, биологиялық өзгерісі болады. Сол себепті, бұл кітапты орталыққа алып, толығымен қалпына келтіру жұмыстарын жасаймыз. Ол 2 айдай уақыт алады, – деді Болдықов.

Маман реставрациялық жұмыстар аяқталған соң Құранның көшірмесін жасау жұмысы басталатынын айтты.

Өзіміздің орталықта 4 дана көшірмесін жасаймыз. Оны республика аймағындағы үлкен мешіттерге береміз және оны ғылыми айналымға енгізу жұмыстары басталады. Себебі әрбір сирек, құнды кітаптың ашатын тың ақпараттары бар, – деді ол.

Болдықов Құранның ішінде Марал ишанның жазған сөздері болуы мүмкін екенін айтып, осы жәдігер үлкен жаңалықтар бастамасы болатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы