Мәлік Отарбаев қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал жазушы, аудармашы Мәлік Отарбаев жаңа қызметке ауысуына байланысты Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының директоры қызметінен кетті. 

Мәлік Нұржанұлы көне де сирек кітаптар сақталған орталықтың дамуына сүбелі үлес қосты. Әсіресе ақпараттық-насихаттық, қоғаммен байланыс жұмыстарына ерекше мән берді. Осы уақыт аралығында қорымыз да молая түсті. Жақында Ұлттық орталыққа арнайы келген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Мәлік Отарбаев пен жалпы ұжымның жұмысына оң баға берді. Қазіргі таңда орталықтың тыныс-тіршілігін тек журналистер мен блогерлер қауымы ғана емес, кітапты қадір тұтатын барша азаматтар жақсы біледі. Мұның өзі атқарылған іс-шаралардың бір ғана көрінісі, - делінген ұлттық орталықтың хабарламасында.

Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының ұжымы Мәлік Нұржанұлын жаңа қызметімен құттықтап, оған толағай табыс пен сәттілік тілейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы