Малиде жаңа төңкеріс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уақытша президент пен премьер-министрді Малидің вице-президенті, полковник Ассими Готқа адал әскери қызметкерлер елде екінші өтпелі үкіметтің құрылғаны туралы хабарланғаннан бір сағат өткен соң қамауға алды.
Малиде әскери қызметшілер елдің уақытша президенті Ба Ндау мен премьер-министрі Моктар Уанды тұтқындады және оларды Бамако астанасы маңындағы Кати әскери базасына көшірді. Бұл туралы 24 мамырда РИА Новости жазды.
Сонымен бірге агенттік президенттік гвардия әскери қызметшілерге оны алып кетуге мүмкіндік беру арқылы президентті қорғаудан бас тартқанын айтты.
Төңкеріс Малиде 14 мамырда отставкаға кеткен өтпелі министрлер кабинетінің орнына жаңа үкімет құрылғаннан кейін болды.
Жаңа министрлер кабинетінде әскерилер қорғаныс, қауіпсіздік, аумақтық басқару және ұлттық татуласу министрліктерін басқаруға алды.
Мали елінің уақытша басшысы Ба Ндау дүйсенбіде жаңа өтпелі үкіметтің құрамын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Оған 25 министр кірді. Бұрынғы үкіметтің басшысы Моктар Уан премьер-министр лауазымын сақтап қалды.
Еске салайық, 18 тамызда Малидегі әскери күштер бүлік шығарды, нәтижесінде президент пен премьер-министр тұтқындалды.
Малидегі мемлекеттік төңкеріс БҰҰ-да елдегі конституциялық жүйені қалпына келтіруі керек деп айыпталды.
Өз кезегінде бүлікші әскери күштер Малиде адал сайлау өткізуді ұйымдастырғысы келгендіктен осылай істегендерін түсіндірді.